"Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясы" КММ бастуаыш сынып мұғалімі орыс тілінде оқытатын 1 жүктеме, педагог-психолог 1 жүктеме, профориентатор 1 жүктеме бос лауазымына ашық конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті арнайы пәндер бойынша оқытушы және өндірістік оқыту шебері ретінде бастаған, өндірісте тиісті мамандық немесе бейіні бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар оқытушылар сертификаттаудан босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесіз кандидат үшін кемінде 720 x 480 рұқсаты бар, кемінде 15 минутқа созылатын бейнекөрсетілім.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 190.
Анықтама телефоны: 87162-25-13-05, 87162-25-37-72
Электрондық пошта: koksche-school.1@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 21-29 қазан аралығында
Байқау: 2024 жылдың қазанның 30 өткізіледі