2023 жылдың 31 қаңтарында Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының полиция полковнигі Жандос Болатұлы Оранбаев Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп Көкшетау қаласының орта білім беру мектептерінің және «№1 мектеп гимназиясы» КММ оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында ЖОО – да оқу үшін барлық жағдай жасалғаны атап өтілді , курсанттарды мықты профессор оқытушылар құрамы оқытады. Академия бос уақыт пен жайлы тұруға қолайлы жағдай жасайды, оқу залы,спорт кешені, казармалық үлгідегі жатақхана бар. Оқушыларға курсанттық өмір туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында көптеген сұрақтар келіп түсті, балалар қандай емтихандарды тапсыру керек,дене шынықтыру нормативтерін,ҰБТ тапсыру кезінде қанша балл жинау керек деген сұрақтарға қызығушылық танытты.