Текст
«Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы мақсатында «Мамандығым - мақтанышым» бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге таныстыру және үгіт жұмыстарын жүргізу жөнінде « Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК Кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қайыркенұлы Ибраев қатысып, колледждің әр түрлі мамандық салалары бар жайында ақпараттандыру шаралары жүргізілді. Интерактивті экран арқылы бейне презентация түсіндіріліп және оқушыларға кері байланыс ретінде сұрақтарға жауаптар алынды. Дұрыс жауап берген оқушыларға кішігірім сыйлықтар табысталып, таныстыру парақтары таратылылды.