«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК Кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қайыркенұлы Ибраевтың ұйымдастыруымен «Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы мақсатында «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді. "Жас маман" жобасы аясында 10 құзырет орталығы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Оқу мамандықтармен оқушыларды таныстыру және үгіт жұмыстарын жүргізу жөнінде колледждің әр түрлі мамандық салалары бар жайында ақпараттандыру шаралары жүргізілді. “Ашық есік күні” іс – шарасын өткізу барысында оқушыларды қызықты заманауи технологиялардың ашылуымен және де 10 бағыттағы мамандықтардың барлық ерекшеліктерімен таныстырды. Осы іс- шараны ұйымдастырған кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қайыркенұлы Ибраевқа үлкен алғысымызды білдіреміз!