Пленарлық отырыста №1 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жеңіс Олжас Ақанұлы "Дебат -- тұлғаның интеллектуалды дамуының негізі" тақырыбында баяндама оқып, қала педагогтерінің алдында өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, конференция аясында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нечаева Тамила Сергеевна "Мадақтаудың алмасу жүйесі арқылы бірінші сынып оқушыларының мотивациясын арттыру" тақырыбында сөз қозғап, қала мектептеріне осы тәжірибені енгізуді ұсынды. Әріптестерімізді құттықтай келе, оларға жаңа шығармашылық табыс тілейміз!
Тағы бір айта кетерлік жағдай, қалалық тамыз конференциясының салтанатты марапаттау рәсімінде №1 мектеп-гимназия
"Инновация режимінде жұмыс істейтін білім беру ұйымы" атағымен марапатталды. Мектеп директоры Нурканова Сандуғаш Казиевна мен барлық педагогтерді осы атаулы марапатпен құттықтай отыра, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңісті күндеріміз молайып, мектебіміздің абыройы арта берсін!