Білім әлеміне қанат қағып отырған 1 сынып оқушыларын облыс әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос Мұратұлы құттықтап, жас бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Қадірлі қонақ ретінде салтанатты саптүзеуімізге ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазизов Хабибулла Хамитұлы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы қатысып, ақ тілектерін жаудырды.
1 сынып оқушыларының ата-аналары атынан алтын құрсақты ана Молдагулова Алтыншаш Әбілмажынқызына сөз берілді.
Балалар жылы аясында алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырған жас бүлдіршіндер өткен жылы ғана пайдалануға берілген , заманауи жабдықталған мектеп ғимаратында білім алатын болады.
Мұғалімдер мен оқушыларды, ата-аналар қауымын Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!