Жоғары сыныптарда оқушылар нақты бағыттар мен мамандықтарды таңдайды. Өз бейімділіктерін мүмкіндігінше ерте анықтау және осы дағдыларды дамытуды бастау, болашақ мамандыққа байланысты тереңдетілген пәндерді немесе курстарды таңдау өте маңызды. PhD докторы, профессор Әсел Қалымова Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кәсіби бағдарлау тақырыбында семинар-кездесу өткізді. Мамандық таңдау -- адамның болашақ тағдыры мен өмірінде өз ізін қалдырады, сонымен қатар ел экономикасы мен жалпы қоғам дамуының маңызды аспектісі болып табылады. Дұрыс мамандықты таңдай отырып, біз өз тағдырымызды таңдаймыз және басқа адамдардың тағдырына әртүрлі дәрежеде әсер ете аламыз.
А.Қалымова ата-аналар мен оқушылардың назарына презентация мен бейнеролик ұсынды, мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндірді және осы мәселені шешу жолдарын көрсетті. Лектордың сөйлеген сөзі ата-аналар жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар сұрақтар қойып, балаларының болашағы үшін өз тәжірибелерімен алмасты.