Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БАЛ ӨТТІ

23.01.2023

Жаңа жыл –көтеріңкі көңіл күй мен жаңа үміттерге толы, балалар мен ересектердің ең сүйікті мейрамдарының бірі. Жаңа жылда әрқайсымыз ертегіге сеніп, ерекше жұмбақ, ұмытылмас күйге бөленеміз.
2022 жылғы 29 желтоқсанда № 1 мектеп-гимназияда жаңа жылдық бал өтті. Тарих қойнауына еніп,  ақсүйектер дәстүріндегі балдың бар әсемділігін көрсету үшін 10-11 сынып оқушылары ұзақ дайындықтан өтті. Ғажайыпқа толы Жаңа жыл мейрамы қарсаңында біздің оқушылар баршамызды ұмытылмас ерекше әсерлерге бөледі. Балға қатысқан барлық 16 жұптың әрқайсысы жеңіске лайық өнер көрсетті. Алайда, балдың Патшасы мен Патшайымы атағы Ахриев Муса мен Мукушева Камилаға бұйырды. Ал Понятов Дэнни мен Рублевская Виктория балдың Ханзадасы мен Ханшайымы атанды.  Барлық жұп аталып өтіп, номинацияларға ие болды. Балдың барлық қатысушыларына керемет жаңа жылдық кеш сыйлағандары үшін үлкен рақмет! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!!

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст