Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы № 1 мектеп-гимназиясының оқушылары Ақмола облысының полицейлері мен "Зерделі ұрпақ" қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған Әлеуметтік театрға қатысты. Іс-шараның мақсаты -- театрландырылған қойылым арқылы жасөспірімдерге есірткіні қолданудың зардаптарын жеткізу, жасөспірімдерде есірткіге тәуелділіктің пайда болуын алдын алу.

23.01.2023

Есірткіге қарсы иммунитетті күшейтуде полицейлер нашақорлықтың алдын алуды іске асырудың дәстүрлі формалары мен әдістерін (мысалы, акциялар, дәрістер, семинарлар, кездесулер, конкурстар, спорттық іс-шаралар және т.б.) пайдаланады, сонымен қатар жасөспірімдердің санасына және олардың проблеманы қабылдауына тиімді әсер ететін іс-шаралардың жаңа форматтарын енгізеді.
Жастармен жұмыс істеудің осындай тиімді интерактивті эмоционалды әдістерінің бірі -- әлеуметтік театр.
9-11 сынып оқушыларының алдында сценарийді өздері жазып, аудиторияға есірткі қолдану проблемасына байланысты қойылымды көрсеткен сол өздері секілді оқушылар.
Актерлердің қойылымынан кейін көрермен оқушылар қойылымда көтерілген жағдай туралы өз пікірлерін білдіріп, мәселеден шығудың жолын ұсына отырып, қойылымды өздері аяқтау үшін сахнаға шығып өнер көрсетті. 
Кейін Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия  Курсанова есірткінің заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы айтып берді.

 

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст