Текст
Көктемнің бірінші күні волейболдан жасөспірімдер арасында Көкшетау қаласының біріншілігі басталды. Ал кеше ғана мектептің Қамқоршылық кеңесі командаға спорттық форма сыйлаған болатын. «Сыйға сый» демекші, мектеп командасы үкілеген үмітті ақтап, бірінші ойында жеңіс тұғырынан көрінді.
Осы ретте, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Молдаспаева Толқын Еркешқызына, сондай-ақ барлық кеңес мүшелеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің серіктестігіміз мектептің игілігі жолында өз жемісін беріп, оқушыларымыз талай биіктерден көрінеді деп сенеміз.
Ал жігіттерге турнир бойы тек қана сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.