29 қыркүйек күні «Достар» МС Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Біздің мектебіміздің ұстаздары Е.И.Глухарева ҚР білім министрлігінің Құрмет грамотасымен және Л.Н.Карасева қалалық білім бөлімінің
мақтау қағазымен марапатталды. Мерекелікконцерттік бағдарламада жас педагогтарымыз М.С.Галлямова мен А.Е.Батан қатысты.
Бұл күні мектебімізде «С любовью к вам, учителя» атты мерекелік іс шара өткізілді. Шынымен де, бұл күн мерекеге толы болып барлық мектеп дәліздері гүлдермен, жылы тілектермен безендірілді. Мерекемізге білім саласының еңбек ардагерлері шақырылып, сонымен қатар Германядан қонақтар келді. Олар: ПАШ жобасының
координаторы Франциска Шлеттих, Гамбург қаласының музыканттары Мария-Кристина Банга, Сандро Ян
қатысты.
Директордың ғылыми әдістемелік жұмысының орынбасары Бейсенбаева Мадина Бексеитовна мектеп ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттады.
Мектепте бұл мерекеде жас педагогтардың таныстыруы жақсы бір дәстүрге айналып кетті. Бұл күні гүлдер
сыйлау дәстүрге айналып, оқушылардың шығармашылық ұжымы сүйікті ұстаздарына өз қолдарымен жасалған ерекше бума гүлдерін жасап, олар би билеп, ән айтып берді.