Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы білім бөлімінің « № 1 орта мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2019 жылдың жария талқылау үшін есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес №1 ОМГ» КММ  – 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
  3. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
  4. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  5. ««Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  6. «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін
  7. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

 

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 594 құрады, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

  • қағаз түрінде – 303
  • «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы – 274
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 17

2018 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына ҚР білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 25.01. №28 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Құжаттар тізбесінде бұрын құжат болатын

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды № 086/е нысаны;
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;
  5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

Қазіргі уақытта 4 құжат және № 086/е нысандағы анықтама денсаулық жағдайы туралы анықтамаға ауыстырылды (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала         2008 жылға дейін туылған жағдайда);
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;

Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы заңды өкілдердің келісімімен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін қосымша ұсынылады.

         2018 жылдан  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметтері akmola.kz ақпараттық сайты арқылы көрсетіледі.

          Халықты ақпараттандыру мақсатында №1 ОМГ сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған.

          Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халықты қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында мектепте көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарт, регламенттер,  шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

         Ай сайын Көкшетау қаласының білім бөліміне 6 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі  мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.

           «№1 орта мектеп-гимназиясында» мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесіндегі және халықа қызмет көрсету орталығы стендтерінде орналастырылған.


Текст