Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) - Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады».

Құрметті ата-аналар!

Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз.

Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
  2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.

1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат.

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:

Күндізгі оқу нысанына қабылдау үшін:

  • № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;

Қазақстан Республикасының резиденті емес үшін:

  • Көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.
  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»:
  • Есептен шығару талонының электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда).
  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»:
  • мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электронды көшірмесі.
  1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
  • жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. 
  1.  «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
  • жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. 
  • «079/е» сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.
  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»:
  • үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы электрондық көшірмесі.
  1.  «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»:
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының электрондық көшірмесі.

https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/mon-197-205


Текст