Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Табысты білім беру ұйымдарының акселераторы»

29.03.2023

2023 жылғы 24 наурызда «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ базасында «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы» ЖШС-нің қолдауымен және бастамасымен «Табысты білім беру ұйымдарының акселераторы» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласы мектептері  өз жобаларын көпшілік алдында қорғады.  Біздің мектеп постер сессиясына белсенді қатысып, «Кәсіпкерлік мектеп» моделін сәтті қорғап шықты. 
  Неліктен мектепті дамытудың дәл осы моделі таңдалды? Бұл ең алдымен қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне, заманауи цифрлық дәуірдің өзгерістеріне байланысты. 21 ғасырда білім беру жүйесінде кейбір құндылықтардың өзгеруі мен қайта түсіндірілуі, тиімді білім беру үрдісі, академиялық еркіндікті дамытуға баса назар аудару орын алуда. 
 "Кәсіпкерлік мектеп» моделі мектептің қолда бар ресурстарына сүйене отырып таңдалды, онда білім беру процесінің негізгі субъектісі мектеп қабырғасынан шыққан, табысты кәсіпкер дағдыларына ие, кең аналитикалық ақыл-ойы мен айқын дүниетанымы бар болашақ түлек болып табылады. Іс-шара Қазақстанның басқа өңірлері мектептерінің тәжірибесін онлайн-трансляциялаумен, «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы» ЖШС төрағасы Г.А.Қорғанбаев және біздің ЖОО оқытушылары тобынан құрылған сарапшылардың жобаларды бағалауымен және нақты ұсыныстар беруімен мазмұнды өтті. Салтанатты жағдайда қала мектептерінің директорларына осы бағдарлама бойынша бір жылдық оқу циклін аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Просмотров: 934


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст